Айдос Ербосынұлы қатысатын бокс кешін қай телеарна көрсетеді

Айдос Ербосынұлы қатысатын бокс кешін қай телеарна көрсетеді

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (12-0-0, 8КО өнер көрсететін бокс кешін "Хабар" телеарнасы көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:00-да отандық арна бокс кешінен тікелей эфирді бастайды. Қазақстандық боксшы WBC Asia, WBO International және WBO Global нұсқалары бойынша белбеулерді қорғауға тырысады.

Айта кетейік, Айдос венесуэлалық Омар Гарсиямен жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или