Головкин Р4Р рейтингінде үздік бестікте жоқ

Головкин Р4Р рейтингінде үздік бестікте жоқ

Спорттық сарапшы және журналист Майк Коппинджер боксшылардың салмақ дәрежесіне бөлінбейтін  рейтінгін жаңартты. 

Теренс Кроуфордтың литвалық Эгидюс Каваляускаспен өткізген жекпе-жегінен кейін Коппинджер рейтигті жаңартқан болатын. Сауль Альварес әлі де рейтингте көш бастап келеді. Жапондық боксшы Наоя Иноуэ екінші сатыға жайғасса, украиналық Василий Ломаченко үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы IBF, IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин жетінші орында тұр. 

Үздік ондыққа Эррол Спенс, Майки Гарсия, Александр Усик, Артур Бетербиев және Джош Тейлор сынды боксшылар да кіреді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или