Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия кубогын сәтті бастады
<span>Үндістанда жағажай волейболынан Олимпиадаға іріктеу турнирі саналатын Азия кубогының бірінші айналымы аяқталды. Алғашқы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер командасы алтын, ерлер командасы күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. </span>
<span>Жағажай волейболынан Қазақстан әйелдер құрамасы Шри-Ланка командасын 2:0 есебімен ұтты. Бақтыгүл Самаликова мен Ирина Цимбалова жұбы қарсыластарын 2:1 есебімен жеңсе, Алина Раченко мен Анастасия Уколова 2:1 есебімен басым түсті. Жалпы есепте қазақстандық волейболшы қыздар бірінші орын иеленіп, турнирдің финалдық кезеңіне автоматты түрде жолдама алды. </span>
<span>Қазақстан ерлер командасының еншісінде күміс жүлде бар. Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко және Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы қарсыластарына 1:2, 0:2 есебімен жол берді. Ерлер командасы финалда 2018 жылғы Азия чемпионы Иран құрамасымен кездескен болатын. </span>
<span>Осылайша, жағажай волейболынан ерлер командасы Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші айналымына жолдама алды. </span>