«Бавария» соңғы минуттарда жеңісті жұлып кетті

«Бавария» соңғы минуттарда жеңісті жұлып кетті

Бундеслиганың  16 тур аясында «Бавария» футбол клубы сырт алаңда «Фрайбург» командасымен кездескен болатын. 

Неміс біріншілігінің үздік сұрмергені Роберт Левандовский кездесудің 16-шы минутында есеп ашты.  Алаң иелері  59- минутта  Винченцо Грифоның голымен жауап қатты.  Ойынның қосымша уақытында,   алаңға тыңнан қосылған 18 жасар Джошуа Зиркзее қонақтарды есепте алға шығарды.  Араға санаулы  минут салып Серж Гнабри ойынның нүктесін қойды.  Есеп 1:3 қонақтардың пайдасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или