Қытай СІМ өкілі: Өзіл жалған ақпараттарға сеніп отыр

Қытай СІМ өкілі: Өзіл жалған ақпараттарға сеніп отыр

 <span>Қытай Халық Республикасы СІМ өкілі Гэн Шуан «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Месут Өзілдің ел саясатына қатысты пікір білдіргені жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.</span>

Еске сала кетелік, футболшы Twitter желісіндегі парақшасына Қытайдағы ұйғыр ұлтының қудаланып жатқаны жайлы жазған болатын. Ойыншы Қытайдағы фан-клубын жауып тастады. Дереккөздерге сүйенсек, Өзілдің аты қытайлық сайттардағы іздеу желілерінен мүлде жоғалып кеткен. Тіпті кеше Қытай телеарнасында «Арсенал» - «Манчестер Сити» матчы эфирден алынып тасталды.

Ең қызығы, футболшы өзінің жазбасын өшіріп тастаған.

«Мен Өзілдің Шыңжан аймағында болған-болмағанын білмеймін, бірақ ол жалған ақпараттарға сеніп отыр. Егер Месуттың мүмкіндігі болса, Қытайға келіп, бәрін өз көзімен көрсін. Біз оған қуанышты боламыз», деп келтіреді Шуанның сөзін ВВС.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или