Сұлтан Зәуірбек WBC Youth белбеуіне ие болды
Болашағынан үміт күттіріп жүрегн кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек қытайлық Лешан Лимен қолғап түйістірді, деп хабарлайды, Prosports.kz.
Сұлтан айқын басымдыққа ие болып, қытай боксшысын тықсыра түсті. Нәтижесінде, төртінші раундтан кейін қытайлық команда жекпе-жектен бас тартып, Лидің жеңілгенін мойындады.
Осылайша Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой рингтегі 9-ншы жеңісіне қол жеткізіп, екінші жеңіл салмақтағы WBC Youth белбеуіне ие болды.
«Жеңісімді еліме арнаймын. Баршаңызды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», - деді боксшы жекпе-жектен кейін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или