Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан алғаш рет жеңіліске ұшырады

Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан алғаш рет жеңіліске ұшырады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ескендір Харсан Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде камерундық Томас Эссомбамен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын.

Ескендір бірінші раундта екі рет нокдаунға түсіп, есін жиып алды. Одан кейін тиіп-қашып жүріп, екінші кезеңді де аяқтаған. Ал үшінші раундта кездесуге нүкте қойылды. Эссомбаның жойқын соққыларына төтеп бере алмаған қазақстандық жеңілісін мойындауға мәжбүр болды. Нәтижесінде Харсан техникалық нокаутпен ұтылды. Бұл оның кәсіби мәнсабындағы алғашқы жеңілісі болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или