Елшат Нығметолла Алматыда өтіп жатқан бокс кешінде жеңіске жетті
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайында Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орайластырылған бокс кеші өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.
Кеш барысында қазақстандық Елшат Нығметолла (15-1-0, 5 КО) филиппиндік Крис Альфантемен (17-1-7, 9 КО) жұдырықтасты. Сегіз раундқа созылған кездесуде Қазақстан боксшысы жеңіске жетті.Жалпы қос боксшы да белсенді қимылдап, көп соққы жұмсаған болатын. Төрешілер жеңісті бірауыздан ринг иесіне берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или