Мирас Али Сарсенов әзірбайжан боксшысынан басым түсті
Алматы қаласында Балуан Шолақ спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне арналған бокс кеші өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық боксшы Мирас Али Сарсенов төрешілердің бірауыздық шешімімен (40:36, 40:36, 40:36 )әзірбайжандық Аскар Рагиповты жеңді.Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен кездесу өте тартысты болды. Бірніші раундта Рагимов қорғаныста жақсы өнер көрсетті. Екінші раундта боксшылар жақсы соққылармен алмасты. Соңғы раунд барысында Сарсенов шабуылдарын күшейтіп, қарсыласынан айласын асырды. Осылайша Сарсенов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или