Роналду жаңа рекорд орнатты
«Ювентус» футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду 15 маусым қатарынан кемінде 10 гол соққан тарихтағы алғашқы ойыншы атанды, деп жазады Prosports.kz.
Португалиялық футболшы Италия чемпионатының 16-шы турында «Удинезе» (3:1) қақпасына қос гол соқты. Бұл оның осы маусымда барлық турнирлерде соққан 11-ші голы болатын (19 ойында). Осылайша, Роналду 15 маусым бойы оннан асырып гол соғып келеді.
Айта кетейік, Роналдудың басты бәсекелесі - «Барселона» ойыншысы Лионель Месси 14 маусым бойы 10 голдан көп гол соғып жүр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или