русский язык
Бокс

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде жоғары көтерілді

Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде жоғары көтерілді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) рейтингінде жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұйым кестесінің жаңартылған нұсқасында Жәнібек 15-ші орыннан екі саты жоғары көтеріліп, 13-ші орынға табан тіреді. Көшті американдық Дэниэл Джейкобс бастап тұр. Екінші орында - украиндық өкіл Сергей Деревянченко. Үздік үштікті бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық Джайме Мунгиа түйіндеді.

10 қарашада Жәнібек Әлімханұлы канадалық Альберт Онолунозаны (24-3-1, 8 КО) нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental America титулдарын сәтті қорғап қалды. Жекпе-жек Калифорниядағы Фресно қаласында өтті.

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;