Джермалл Чарло: Көп сөз керек емес, Головкинмен жекпе-жек керек!

Джермалл Чарло: Көп сөз керек емес, Головкинмен жекпе-жек керек!

8 желтоқсан күні мансабындағы 30-шы жеңісіне қол жеткізген американдық боксшы Джермалл Чарло ESPN арнасына берген сұқбатында Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп жазады Prosports.kz.

- Мен Головкин, Альварес, Андраде, Джейкобс секілді боксшылармен төбелескім келеді. Маған үлкен, әлемнің назар аударатын жекпе-жек керек. Маған саясаттың, басқа да артық тірліктердің керегі жоқ. Бәрі де көп сөйледі. Ал, менің тек төбелескім келеді - деп мәлімдеді Чарло сұқбат барысында. 

Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Нью-Йоркта өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Джермалл Чарло ирландиялық Деннис Хоганды жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. 

Чарло кәсіпқой рингте өткізген 30 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жеткен. 22 мәрте кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. 

Қазіргі таңда американдық боксшы WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Головкинде <span>IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулер бар. </span>

Ковалев тағы Головкиннің алдын орай ма?

Головкин баласына өз атын қойған жанкүйерді құттықтады

«Канело» Головкинмен жекпе-жектің орнына Майвезермен реваншты таңдады 

«Канело» Головкиннің қартайғанын күте ме?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или