Бокс

Айдос Ербосынұлы: Мақсатым - абсолютті әлем чемпионы атану

Айдос Ербосынұлы: Мақсатым - абсолютті әлем чемпионы атану
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (12-0, 8 КО) Prosports.kz сайтына Ресейде өтетін жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді.

– Красноярск қаласында өтетін алдағы жекпе-жегіңізге дайындығыңыз қалай өтіп жатыр?

– Бәрі ойдағыдай. Жоспар бойынша дайындалып жатырмыз.

– Қарсыласыңыз қашан анықталады?

– Әзірге қарсыласымның кім болатыны белгісіз. Жақын уақытта белгілі болады.

– Мақсатыңыз қандай?

– Ең басты мақсатым - абсолютті әлем чемпионы атану!

– Соңғы жекпе-жегіңіз қалай өтті?

– Әр жекпе-жектің өз қиындығы болады. Рокки Йеркичке қарсы жекпе-жек те оңай соққан жоқ. Жаттығу кезінде біраз кедергілер болды. Бірақ ештеңеге қарамай жаттығып, белбеулерімді қорғап қалдым.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер