«Исламханға шетелдік екі клубтан ұсыныс түсті»
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызФутбол агенті Сослан Касабиев Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Бауыржан Исламханға шетелдік екі клубтан ұсыныс түскенін айтты. Алайда бәрі оңай емес екен.
- Исламхан бойынша екі нақты ұсыныс бар. Біреуі - Ресей Премьер-лигасынан. Бірақ, аталмыш клубпен келісімге келу мүмкін болмай тұр. Өйткені, клуб ұсынған шарттар Исламханның талаптарына сәйкес келмейді. Ашық айтқанда, олар футболшының қазір алып отырғанынан екі есе аз жалақы береді. Екінші клуб - Польшадан. Ол жерде де аз ақша ұсынып отыр.
- Сонда Бауыржан екі ұсынысқа да келіспеді ме?
— Әзірше иә не жоқ деп айта алмаймын. Сұрақтарымызға жауап күтіп отырмыз. Үміткерлер Исламханды тезірек қатарына қосқысы келеді.