Бокс

Қанат Ислам WBO ұйымының ТОР-5 тізіміне енді

Қанат Ислам WBO ұйымының ТОР-5 тізіміне енді
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік бокс ұйымы рейтингісінің жаңартылған нұсқасында қазақстандық боксшы Қанат Ислам үш саты жоғары өрледі, деп хабарлайды Prosports.kz боксшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін Бүкіләлемдік бокс ұйымы рейтингісінің жаңартылған нұсқасы шықты. Орта санаттағы рейтингте WBO International чемпионы Қанат Ислам сегізінші орыннан бесінші орынға көтерілді!
Осылайша, рейтингтің ТОП-5 қатарына енді.
Қанатты бірге құттықтайық!», деп жазды Қанат Исламның командасы.

Еске сала кетелік, орта салмақтағы тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы Қанат Исламнан кейін 6-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер