Адеринсола Эсеола: Натурализацияға қарсымын

Адеринсола Эсеола: Натурализацияға қарсымын
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» бұл маусымда ешбір турнирде жеңіске жете алмады. Алайда алматылық команда сапында жекелей атаққа қол жеткізге ойыншы бар. Ол чемпионаттың үздік сұрмергені атанған шабуылшы Адеринсола Эсеола, деп жазады Prosports.kz

«Астананың» үздік ойыншысы Марин Томасов та украиналық легионермен бірдей гол соқты. Алайда хорватиялық соққан 19 голдың біреуі пенальтиден. Ал Эсеола барлық голын ойын сәтінде салған.

- Prosports.kz сайтының атынан сізді үздік сұрмерген атануыңызбен құттықтаймын. Маусым басталар алдында өзіңізге қандай мақсат қойыңыз?

- Құттықтауларыңызға рақмет. Мақсатыма келер болсақ, менің ойымша, кез-келген шабуылшының көздегені көп гол соғып, командасына көмектесу. Әрі гол соғу және үздік сұрмерген болуға ұмтылу - шабуылшының міндеті. Сондықтан, маусым басталғанда алдыма чемпионаттың үздік мергені болам деп мақсат қойдым. Әр маусымда алдыма осы мақсатты қоямын.

- Чемпионат аяқталуға аз уақыт қалғанда, Марин Томасов соққан голдары бойынша сізді басып озды. Сол кезде қандай сезімде болдыңыз?

- Әрине, мергендер көшінде көшбасшылықтан айырылу маған ұнаған жоқ (Томасов «Ақтөбеге» қарсы ойында покер жасап, мергендер тізімінде уақытша көш бастаған - prosports.kz). Бірақ, екінші жағынан чемпионат аяқталар тұста маған қосымша ынталандыру болды деп есептеймін.

- Өткен жылы сіздің қасыңызда Андрей Аршавин, Исаэль сынды үздік ойыншылар болды. Бірақ биылмен салыстырғанда екі гол аз соққан едіңіз.

- Биыл олар маған кедергі жасамағандықтан көбірек гол соқтым (күледі). Әрине, бұл әзіл. Анығына келсек, биыл менде гол соғатын көп мүмкіндіктер болды. Және командалық ойын стилі маған ыңғайлы болды деп ойлаймын.

- Маусымдағы ең үздік голыңызды атай аласыз ба?

- Мен бұндай атаққа ие голымның чемпиондық үшін соғылғанын қалар едім. Алайда ондай нәтижеге жете алмадық. Жалпы, гол соғу - менің жұмысым. Әр голдың өзіндік мәні бар, бір-бірінен бөліп қарай алмаймын. Егер соққан голым «Қайратқа» титул әкелсе, әрине, оның орны бөлек... Ал бір голды атау керек болса, маусым басында «Ақтөбе» қақпасына айып соққысынан соққан голымды айтар едім.

- Маусымның ең көңілсіз сәті?

- Әрине, «Астанамен» матч, онда біз чемпиондықты жоғалттық.

- Сіздің ойыңызша, чемпион атану үшін «Қайратқа» не жетіспеді?

- Менің ойымша, «Қайрат» мүмкіндігінше мінез танытты. Маусым басындағы қиын жағдайдан шыға білдік. Ал маусым қорытындысында жеңіске жете алмағанымыздың бір себебін айту қиын. Мүмкін тәжірибенің жетіспеуі. Мүмкін, шешуші сәтте өзгеріс жасай алатын футболшы болмаған шығар. Мүмкін, осы факторлардың барлығы «Астанаға» қарсы матчта көрініс тапқан болар.

- Алматылықтарды алтын алу мүмкіндігінен айырған Павлодардағы жеңілістен кейін, киім ауыстыратын бөлмеде қандай көңіл-күйде болдыңыздар?

- Біз «алтынды» Павлодардағы ойында жоғалттық дей алмаймын. Қайта, жоғарыда айтқанымдай одан ертерек бұл мүмкіндіктен айырылғанбыз. Дегенмен, әрине, бұл жеңіліс үшін де біз қатты күйзелдік.

- Қатарынан өткізген екінші үздік маусымынан кейін Украина құрамасына шақырылмадыңыз ба?

- Жоқ, маған Украина құрамасынан ешкім хабарласқан жоқ. Бірақ мен әлі де шақыруды күтемін.

- Мүмкін, Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің атынан өнер көрсетерсіз?

- Бұл сұрақты осымен жабайық. Біріншіден, маған мұны ешкім ұсынған жоқ. Екіншіден, мен Қазақстанның өзінің үздік шабуылшылары бар деп есептеймін. Үшіншіден, әрі ең маңыздысы мен натурализация қарсымын. Менің ойымша, ойыншы өзінің ұлттық құрамасында ойнауы керек. Тек сонда ғана ол тудың желбіреп, әнұранның шырқалуынан шынайы эмоция сезіне алады. Мен патриотпын. Украинаны жақсы көремін және басқа құрамада ойнағым келмейді. Бірақ бұл менің жеке ұстанымым, оны ешкімге мәжбүрлеп міндеттемеймін және ешкімді кінәламаймын.

Владимир ЖАРКОВ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер