13 қараша 19:54

Қайрат Ералиев: Бекзат Саттарханов ағамыздың жарқың жеңісінен кейін боксқа келдім

Бокс – еліміздегі нөмері бірінші спорт түрі десек, қателеспейміз. Осы уақытқа дейін Қазақстан бокстан үлкен дерважаға айналып үлгерді. Тиісінше, қазақстандық боксшылар да дүниежүзін мойындатып, әлемдік аренада ел намысын аброймен қорғап жүр. Өздеріңіз білетіндей, кәсіби спорт табандылықты, жанкештілік пен тәуекелді талап етеді. Еңбектің ақталуы – бақыт пен қуанышқа кенелтсе, спорттағы сәтсіздік - саңлақтың жігерін жасытпай, қайрай түседі.

Жеңіс пен жеңілісті қатар алып жүрген былғары қолғап шебері Қайрат Ералиев Olympic.kz сайтының бүгінгі кейіпкері. 2017 жылы әлемді бағындырған ол бізге 2019 жылды қорытындылап, кәсіби боксқа өту туралы ойымен бөлісті.

2019 жыл мен үшін өте сәтсіз болды. Себебі, биыл бабым да, бағым да келіспеді.

Жылдың ең маңызды жарысы - әлем чемпионаты. Екатеринбургте өткен дүниежүзілік біріншілікте мақсатым жеңімпаз атану еді. Әттең жолым болмады. Әйтпесе, барымызды салып дайындалып, қазақ елінің намысын қорғауға барған болатынбыз.

Боксқа "әкелген" Бекзат...

Бекзат Саттарханов ағамыздың жарқын жеңісінен кейін боксқа деген қызығушылығым оянды. Оның үстіне, менен үлкен ағам да бокспен шұғылданатын. Кішкентай кезімде ағаммен залға еріп баратынмын да, өзімше жаттығатынмын. Кейін 2002 жылдан бастап тұрақты қатыса бастадым. Алғашқы жарысым аудандық турнирлер болды. Салмағым жетпей, көп жарыстарға қатыспай қалатынмын.

Жолдамаға жету жолы

Олимпиада – барлық спортшының арманы. Әрине, маған да Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бар. Бірақ, ол үшін ең алдымен ел ішіндегі іріктеуден өту керек. Одан кейін Азия құрлығындағы іріктеуден іркілмей, лицензияға қол жеткізу керек.

Қарсыластың барлығы қарымды Өз салмағымда әлемде мықты боксшылар өте көп. Қарсыластың барлығы қарымды. Солардың ішінде ең басты қарсыластарым ретінде Куба, Өзбекстан, Ресей, Америка, Ұлыбритания елдерінің спортшыларын айтуға болады.

Бір сәттік ой

Жолым болмай, сәтсіздікке тап болғанда «мүмкін кәсіби боксқа ауысу керек пе?» деп, ойлап қоямын. Бірақ, меніңше, кәсіби боксқа ертерек кету керек.

Қатемен жұмыс

Спортта, бокста, жарыста жіберген қателіктерім болды. Оларды қайталамау үшін қатемен көп жұмыс істеймін, оны қайталамуға тырысамын. Өзімді жігерлендіріп, күнделікті жаттығуды екі есе күшейтемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.