Бокс

Танымал бапкер: «Канело» Головкинді нокаутқа түсіреді

Танымал бапкер: «Канело» Головкинді нокаутқа түсіреді
news-banner7
mobile-news-top

Белгілі мексикалық-америкалық бапкер Хоэль Диас қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты пікірін айтты.

- «Канело» Головкинмен тағы бір жұдырықтасу керек. Мұндай мүмкіндік бар. Ал келесі жекпе-жекте «Канело» оны нокаутқа түсіретініне сенімдімін. GGG-дің Деревянченкомен соңғы кездесуін көрдім, шынын айтқанда ол жеңді деп ойламаймын.

Саульге Головкинді сұлатып, өзінің ұлы «Канело» Альварес екеніне жанкүйер көзін жеткізетін уақыт келді. Солай болады да, «Канело» нокаутпен жеңеді. Тап осы уақытта «Канело» үшінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіре алатыны сөзсіз, - дейді бапкер.

Түпнұсқасы: Tengrinews.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер