Әлем футболы

Түркиялық талант Эмре Демир 15 жасында Суперлигадағы алғашқы голын соқты

Түркиялық талант Эмре Демир 15 жасында Суперлигадағы алғашқы голын соқты
news-banner7
mobile-news-top

Түркия суперлигасында 15 жастағы өте талантты футболшы мергендігімен көзге түсті, деп жазады Prosports.kz.

«Кайсериспор» командасы сырт алаңда «Генчлербирлигимен» кездесіп 1:2 есебімен жеңіліс тапты. Қонақтар сапынан кәмелетке толмаған Эмре Демир гол соқты. Жас шабуылшы осылайша түрік лигасында рекорд жасады.

Демир Түркия чемпионатында гол соққан ең жас футболшы (15 жас және 298 күн) атанып отыр. Бұрынғы рекорд Энес Унал (16 жас және 106 күн) атты ойыншыға тиесілі болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер