«Астана» Нұр-Сұлтанда «АЗ Алкмардан» ірі есеппен жеңілді

«Астана» Нұр-Сұлтанда «АЗ Алкмардан» ірі есеппен жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасы топтық кезеңінде «Астана» өз алаңында нидерландиялық «АЗ Алкмаарды» қонақ етіп, "қонақжайлылық" танытты, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті мәрте қазақ футболында қарсылас шақ келтірмей, ел чемпионы атанып, маусым алдында алға қойылған басты мақсатты орындаған «Астана» Еуропа лигасындағы жағдайын түзеуді мақсат тұтқан еді. Алғашқы үш турда бірде-бір ұпай еншілей алмаған Роман Григорчук жігіттері өз алаңында «АЗ Алкмаардан» Нидерландыдағы масқара үшін кек қайтармаса да, бір ұпай еншілеп қалар деген болжам болды.

«АЗ Алкмаармен» болған үшінші турдағы 0:6 есебімен жеңілісті «Астананың» ішкі чемпионатты көбірей ойлауына байланыстырып, жуып-шаюға тырыстық. Әйткенмен, қос команданың арасындағы деңгей жер мен көктей екенін елордадағы ойын көрсетіп берді. Осы маусымда Қазақстан чемпиондары еурокубокта ешбір командаға қарсылық таныта алмады.

Өз алаңында 0:5 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін, «Астана» Еуропа лигасымен қош айтысты. Төрт матчта 14 гол өткізіп, 1 доп қана соқтық. Еншімізде 0 ұпай. Соңғы екі турда «Астана» «Манчестер Юнайтед» және Партизан командаларымен кездеседі.

Еуропа лигасы. L тобы

«Астана» - «АЗ Алкмаар» - 0:5 (0:1)

Голдар: Боаду, 29 (0:1), Мидтшо, 52 (0:2), Идрисси, 57 (0:3), Хацидиакос, 76 (0:4), Боаду, 77 (0:5)

«Астана»: Эрич, Рукавина, Постников, Логвиненко, Шомко, Бейсебеков, Маевский, Перцух, Томасов, Ротариу, Хижниченко;

«АЗ Алкмаар»: Бизот, Вейндал, Вюйтенс, Хацидиакос, Свенссон, Копмейнерс, Мидтшо, Де Вит, Стенгс, Боаду, Идрисси

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер