«АЗ Алкмаар» футболшысы: «Астанамен» ойнау оңайға соқпас

«АЗ Алкмаар» футболшысы: «Астанамен» ойнау оңайға соқпас
news-banner7
mobile-news-top

«АЗ Алкмаар» командасының жартылай қорғаушысы Фредрик Мидтше Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы «Астана» қарсы ойын алдында матч туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Меніңше бұл ойынның оңайға соқпасы анық. «Астана» ішкі чемпионатта топ жарғаннан кейін, Еуропа Лигасына назар салатыны белгілі.
- Нұр-Сұлтан қаласы суық па?
- Жоқ, бірақ ойын барысында бұл маңызды болмай қалады. Барлық команда тек жеңіс туралы ойлайды.
- Сіз 2012 жылы «Русенбург» сапында ойнап, «Ордабасы» клубын жеңген едіңіздер. Сол матч есіңізде ме?
- Есімде жоқ. Мен қосалқы құрамда болған едім. Меніңше біз 2:1 есебімен жеңген сияқтымыз. Десе де Алматыдағы атмосфера есімде. Бірақ «Астанаға» қарсы ойнау қиынға түседі деп ойлаймын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер