Хоккей

Қазақстан жастар құрамасы Baltic Challenge Cup турниріне қатысады

Қазақстан жастар құрамасы Baltic Challenge Cup турниріне қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы (U20) Baltic Challenge Cup 2019 халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің жас хоккейшілер Латвия және Румыниямен бірге В тобында өнер көрсетеді. Ал А тобында Эстония, Литва және Украина құрамасы бақ сынайды.

Айта кетерлігі, қазақстандық жас хоккейшілер Балтық кубогына алғаш рет қатысқалы отыр.

Турнир 7-10 қараша аралығында Эстония астанасы Таллин қаласында өтеді.

Жарыс кестесі:

7.11.2019 Латвия - Қазақстан U20 (матчтың басталуы 23:30)

9.11.2019 Қазақстан U20 - Румыния (матчтың басталуы 15:30)

10.11.2019 «А» тобының жеңімпазы - «Б» тобының жеңімпазы (14:00) ,
«А» тобы. Екінші орын - «Б» тобы. Екінші орын (17:30),
«А» тобы. Үшінші орын - «Б» тобы. Үшінші орын (21:00)

Команда құрамы:

Қақпашылар - Калмыков Роман, Павленко Максим (ХК «Снежные барсы»)

Қорғаушылар - Королев Артём, Бутенко Данил, Диханбек Мади, Катасонов Тимофей, Муратов Давид, Никифоров Владислав, Шлычков Владимир (ХК «Снежные барсы»), Нестеров Илья (ХК "Ertis")

Шабуылшылар - Мусоров Максим, Бойко Олег, Асуханов Юсуп, Пряхин Сергей, Евлоев Адам, Гусейнов Диас (ХК «Снежные барсы»), Бондаренко Константин, Чалов Максим, Ляпунов Никита, (ХК «Алтай») Демин Руслан, Буяльский Андрей, Чапоров Денис, Ницевич Валерий (ХК «Теміртау»)

Бапкерлер алқасы:

Бас бапкер: Старыгин Сергей Васильевич

Бапкерлер: Шаянов Андрей Викторович, Высоцкий Александр Анатольевич, Габдрахманов Ильдус Вакильевич, Колюжный Александр Викторович

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер