ММА

Гаджиев: МакГрегор Мәскеуге бекер келмейді

Гаджиев: МакГрегор Мәскеуге бекер келмейді
news-banner7
mobile-news-top

Fight Nights Global ұйымының басшысы Камил Гаджиев Мәскеуде Конор МакГрегордың қатысуымен өтетін алдағы баспасөз мәслихаты туралы айтты, деп жазады Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Ирландиялық жекпе-жек шебері Ресейге бейсенбі күні келмек.

«Арандату сөзін қолданғым келмейді Бұл Хабиб пен Конордың Мәскеуде өтетін кездесуін барынша танытып, жарнамалау дегім келеді. Ұйымның осынау жекпе-жекті ұйымдастырудағы алғашқы қадамы», деді Гаджиев

Айта кетелік, Нурмагомедов пен МакГрегор арасындағы алғашқы кездесу 2018 жылдың қазанында өткен болатын. Сол айқастың 4-раундында ресейлік спортшы қарсыласын мерзімінен ерте нокаутпен жеңген еді. Қарымта жекпе-жек туралы қауесеттер көбейгенімен, Хабибтың зауқы соқпайтын көрінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер