Бірінші лига: Бүгін «Ел классикасының» «жалғасы» болады

Бірінші лига: Бүгін «Ел классикасының» «жалғасы» болады
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бүгін бір матч ойналады. Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті «Астана-2» алматылық Kairat Academy командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойын жанкүйерлер арасында «ел классикасы» деп аталатын «Астана» мен «Қайрат» матчының жалғасы іспеттес. Кеше ғана кездескен қос алпауыттың арасындағы ойында 3:1 есебімен астаналықтар жеңіске жеткен болатын.

Премьер-лигада аталмыш клубтардың текетіресі бұрыннан жағасып келе жатса, бірінші лигадағы ізбасарларының жағдайы анау айтқандай мәз емес. Алматылықтар 8-орында, нұрсұлтандықтар 12-орында жайғасқан.

Айта кетелік, Бірінші лиганың тартысы «Қызылжар», «Каспий-Ақтау» және шығысқазақстандық «Алтай» арасында өтіп жатыр. Топ басындағы үшеуінің арасын 3 ұпай ғана бөліп тұр. Қалған екі турда кімнің үздік шыққанына куә боламыз. 1-2 орын алған командалар жоғарғы дивизионға тікелей жолдама алса, 3-орын алған клуб премьер-лиганың 10-орнына ие болған ұжыммен кездесу өткізетіні белгілі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер