17 қазан 12:44

Мейірім Нұрсұлтанов танымал бапкердің қол астында жаттығып жатыр

Мейірім Нұрсұлтанов танымал бапкердің қол астында жаттығып жатыр

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 3 қараша күні Сергей Ковалев – Сауль Альварес жекпе-жегінің андеркардында өтетін айқасына дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жерлесіміздің осы кештегі қарсыласы анықталды. Нұрсұлтанов 3 қараша күні Лас-Вегаста мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, 10 раундтық жекпе-жекте WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы титулы сарапқа салынады.

Мейірім Нұрсұлтанов аладағы жекпе-жегіне Калифорнияда танымал бапкер Джеймс «Бадди» Макгирттің қол астында жаттығып жатыр.

25 жастағы Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізген. Оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Ал қарсыласы Оливас 21 жекпе-жек өткізіп, бес мәрте жеңілген. 13 рет нокаутпен жеңіске жеткен. Сонымен қатар, биыл сәуір айында Лос-Анджелесте Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңілген.

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Челябинск қаласында өткен бокс кешінде ресейлік боксшы Артур Осиповты жеңген болатын.

Түпнұсқасы:Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.