Хоккей

«Барыс» өз алаңында тағы жеңілді

«Барыс» өз алаңында тағы жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында ригалық «Динамо» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Овертаймға ұласқан ойын 3:4 есебімен «Динамо» командасының пайдасына шешілді.

Осылайша Андрей Скабелка шәкірттері өз алаңында қатарынан екі ойын жеңіліске ұшырап отыр. Елордалықтар өткен турда Владивостоктың «Адмиралынан» ұтылып (0:1) қалған еді.

«Барыс» биыл жаңа маусымды сәтті бастай алмағанымен, соңғы турларды нәтижесі көңіл көншітерлік еді. Соңғы турларда қатарынан төрт ойын жеңіске жеткен. Алайда төрт матчқа жалғасқан жеңісті сериясына өткен турда «Адмирал» нүкте қойды.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) — «Динамо» (Рига, Латвия) 3:4 ОТ (0:0, 1:2, 3:1, 0:1)

Шайба соққандар:

0:1 — 25:01 Маренис (Батня, Гиллис).
1:1 — 31:35 Асетов (Шевченко).
1:2 — 34:44 Дарзиньш (Макмиллан).
2:2 — 41:20 Старченко (Пакаринен, Диц).
2:3 — 48:35 Эштон (Макмиллан, Дарзиньш).
3:3 — 54:56 Асетов (Шалапов, Метальников).
3:4 — 63:32 Сотниекс (Макмиллан).

Қақпашылар: 10:10 (2:4, 4:2, 4:4, 0:0)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер