Қазақстан жастар құрамасы түзде Македониямен тең түсті

Қазақстан жастар құрамасы түзде Македониямен тең түсті
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Қазақстан сырт алаңда Македониямен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Македондар Қазақстан бақ сынайтын 6-шы топта көш бастап тұрған құрама болатын. Алаң қожайындары фаворит ретінде алғашқы минуттарды белсенді бастады. 20-шы минутта Милан Ристовскидің көмегімен есеп ашты. Абырой болғанда, Қазақстан жастар құрамасы Оралхан Өміртаевтың 75-ші минутта бағыттаған нәтижелі соққысының арқасында қонақтағы матчта бір ұпайға қол жеткізді.

Айта кету керек, Македониядағы матч өте дөрекі өтті. Қос команда да нәтиже үшін аянып қалған жоқ. Кейбір сәтте жастар дөрекі де ойнады. Украиналық төреші Николай Балакин футболшыларға 11 мәрте сары қағаз көрсетті.

Бес матч өткізген Қазақстан жастар құрамасы өз тобында 7 ұпаймен 2-ші орында тұр. Көш басындағы Македония да 7 ұпай жинаған. Алайда, олар бар болғаны 3 ойын ғана өткізді. Ал, топтағы алпауыт құрама саналатын Испания жастарының еншісінде 6 ұпай. Пиреней түбегінің өкілдері бүгінге дейін екі ойын ғана өткізді.

Александр Москаленко баптайтын жастарымыз топтағы келесі ойынын 2020 жылдың 31 наурызында сырт алаңда Испанияға қарсы өткізеді.

Македония (U-21) – Қазақстан (U-21) – 1:1

Голдар:Милан Ристовски 20 – Оралхан Өміртаев 75

Қазақстан U-21: Мұхаммеджан Сейсен (Қ) (К) - Геворг Наджарян, Рауан Орынбасар, Әлібек Қасым, Талғат Кусяпов - Сұлтан Сағнаев, Адам Адахаджиев, Жан-Әли Пайруз - Дмитрий Бачек, Еркебұлан Сейдахмет, Оралхан Өміртаев;

Резерв: Данил Устименко (Қ), Нияз Шугаев, Лев Скворцов, Дінмұхаммед Қашкен, Арман Кеңесов, Сұлтанбек Астанов, Рамазан Кәрімов, Артур Шушеначев, Георгий Захаренко;

Бапкер - Александр Москаленко

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер