Қазақстан - Бельгия матчына литвалықтар төрелік етеді
2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде ойнайтын Қазақстан мен Бельгия арасындағы матчқа литвалықтар төрелік ететін болды, деп жазады Prosports.kz ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ойынның бас төрешісі болып Гедиминас Мажейка, ал Витаутас Шимкус пен Витенис Казлаукас көмекшілері болып тағайындалды. Төртінші, қосалқы төреші – Манфредас Лукьянчукас.
Еске сала кетелік, Қазақстан – Бельгия матчы 13 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті уақытпен 19.00-де басталады. Матчы Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или