Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен айырылды

Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен айырылды

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына бару мүмкіндігінен толықтай айырылды.

<span>І тобындағы командалардың реті жетінші турдан кейін былай: Бельгияда 21 ұпай, Ресейде 18, Кипрде 10, Қазақстанда 7, Шотландияда 6 ұпай, ал Сан-Маринода ұпай жоқ. Ереже бойынша, әр топтан жоғарғы орындарды алған екі команда құрлық чемпионатының финалдық кезеңіне барады. </span>

<span>Қазақстан қазірдің өзінде екінші орындағы Ресейден 11 ұпай артта. Іріктеу кезеңінің қалған үш матчында Қазақстан ең көбі 9 ұпай жинауы мүмкін. Іріктеу кезеңінің аяғына дейін Қазақстан Бельгиямен (13 қазан), Сан-Мариномен (16 қараша) және Шотландиямен (19 қараша) ойнайды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или