Футзал

«Қайрат» күтпеген жерден КПРФ командасынан жеңіліп қалды

«Қайрат» күтпеген жерден КПРФ командасынан жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жаңа маусымы аясындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Венгрияның Береттьоуйфалу қаласында өткен ойында ресейлік КПРФ клубы күтпеген жерден «Қайратты» 3:0 есебімен жеңіп кетті.

Күтпеген жерден дейтін жөніміз бар. Біріншіден «Қайрат» Еуропаның ең беделді командаларының бірі. Ал Ресейдің өткен жылғы вице-чемпионы чемпиондар лигасындағы алғашқы маусымын өткізіп отыр.

Екіншіден, бүгін «коммунистердің» жолы болды. Қазақстандық команда қанша шабуылдағанымен, гол соға алмады. Қауіпті соққыларды бірде қақпашы қайтарса, бірде қақпа бағанасынан кері қайтты. Ал ресейліктердің оқтын-оқтын шабуылдарының бәрі голға айналды.

Айта кетейік, чемпиондар лигасының негізгі раундындағы ойындар 8-13 қазан аралығында өтеді. Бұл кезеңде «Қайраттың» әлі екі ойыны бар. Келесі ойын алматылықтар 9 қазанда испаниялық «Эль-Посоға» қарсы өткізеді.

Чемпиондар лигасы. 4-топ

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – КПРФ (Мәскеу, Ресей) 0:3 (0:3)

Гол соққандар: 0-1 Сими Сайотти, 0-2 Разуванов, 0-3 Асадов

«Қайрат» клубтың аңыздарымен қоштасты

УЕФА президенті «Қайраттың» басшысымен кездесті

Игита: «Каспий кубогы» біз үшін пайдалы болды

«Қайрат» жаңа маусымға арналған мақсаттарын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер