Футзал

«Қайрат» клубтың аңыздарымен қоштасты

«Қайрат» клубтың аңыздарымен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

11 қыркүйек күні «Қайраттың» базасына клубтың аңыздары Дінмұхамбет Сүлейменов пен Серік Жаманқұлов келді, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық клуб сапында ұзақ уақыт доп тепкен екі ойыншы да биыл жазда командадан кеткен болатын.

Конференция-залға футболшылар, клуб әкімшілігі және жаттықтырушылар жиналды. Олар «Қайраттың» аңыз ойыншыларымен қоштасу үшін және оларға құрмет көрсету үшін келді.

Алғашқы сөзді команданың құрметті капитаны алды:

- «Қайрат» клубына мені осы деңгейге жеткізгені үшін шын жүректен алғыс білдіргім келеді. Әрқашан да сіздерге жанкүйер боламын. «Қайраттың» алдына қандай үлкен мақсаттар қоятынын жақсы білемін. Сол мақсаттарға жетулеріңізге тілектеспін. Біз осы маусымда қарсылас ретінде кездесетін боламыз. Бұның да өзіндік қызығы бар деп есептеймін, - деді Сүлейменов.

СÑлейменов и ÐаманкÑлов пÑоÑаÑÑÑÑ Ñ ÐФР«ÐайÑаÑ»

Prosports.kz тілшісіне берген сұқбатында Димаш «Қайраттан» не үшін кеткенін және неге «Жетісу» командасын таңдағанын айтты:

- Неліктен командадан кетуге шешім қабылдадым? Өйткені әлі де алаңда өнер көрсеткім келеді. Ұлттық құрамаға шақырту алудың алғы шарты да осы. Ұлттық құрамада ойнау үшін бабыңда болуың керек.

- «Жетісуды» таңдауыңыздың себебі?

- Мен алдымен отбасым туралы ойландым. Осылайша Алматыға жақын орналасқан команданы таңдадым. Оның үстіне ол командада мықты ойыншылар жиналған.

- Алматылық жанкүйерлерге не айтқыңыз келеді?

- Жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Олар әрқашан команданы қолдады. Жеңісте де, жеңілісте де бізбен бірге болды. Олар біздің алтыншы ойыншымыз. Жанкүйерлер бізді алға сүйреп, сенімділік бергенінің арқасында талай жеңіске жеттік. Алдағы уақытта да осылай қолдау көрсеткенін қалаймын.

СÑлейменов и ÐаманкÑлов пÑоÑаÑÑÑÑ Ñ ÐФР«ÐайÑаÑ»

Тағы бір жаңалық Жаманқұловтың кәсіби мансабын аяқтау туралы шешімі болды:

- Сүйікті ісіңмен қоштасудың мұншалық қиын болатынын ойламаппын. Бірақ бұл сәттің кез-келген ойыншының басына ерте ме, кеш пе бір келерін анық білдім. Міне менің кезегім де келді. «Қайратта» өткізген 10 жыл ішінде біз көп нәрсені бастан өткердік. Жеңістер де, жеңілістер де болды. Мен осы сәттердің арқасында көп нәрсені үйрендім.

Менімен 10 жыл серіктес болға барлық ойыншылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтамын. Олардан көп дүние үйрендім. Олардың әрқайсысы менің өсіп-жетілуіме көмектесті. «Қайрат» адамға үлкен мүмкіндіктер сылайтын керемет клуб. Сондай-ақ, бізге әрқашан керемет қолдау көрсеткен басшылық пен жанкүйерлерге алғысымды білдіремін, - деді Жаманқұлов.

Шара соңында командасының бас бапкері Кака Димаш пен Серікке кәсіби шеберлігі мен клубтың жеткен жетістіктеріне сіңірген еңбегі үшін алғыс айтты. Ойыншылар сыйлық ретінде бұрынғы командаластарының қолтаңбасы қойылған футболкалар алды.

Дінмұхамбет Сүлейменов «Қайратпен» қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер