Футзал

Дінмұхамбет Сүлейменов «Қайратпен» қоштасты

Дінмұхамбет Сүлейменов «Қайратпен» қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов өзі ұзақ уақыт өнер көрсеткен алматылық клуб сапынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақ футзалының аңыздарының бірі алаңға көбірек шығу үшін талдықорғандық «Жетісуға» ауысты.

Көбірек ойын уақытын алу 2020 жылы күзде Литвада өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алуға мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, Сүлейменов «Қайрат» сапына 2009 жылы қосылған. Содан бері 10 бойы бір клубта жоғары деңгейде өнер көрсетті.

«Қайрат» АФК ұжымы Дінмұхамбетке шынайы алғыс айтады. Оның кәсіби шеберлігі, клубқа деген адалдығы және жоғары мақсаттарға жету үшін үнемі бар күшін жұмсағанын жоғары бағалайды.

Дінмұхамбет Сүлейменовтің «Қайрат» сапындағы жетістіктері:

Қазақстан чемпионы: 2009-10, 2010-11, 2011-12, 2012-13, 2013-14, 2014-15, 2015-16, 2016-17, 2017-18, 2018-19

Қазақстан кубогының иегері: 2009, 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017

Қазақстан Суперкубогының иегері: 2012, 2013, 2014, 2017, 2018

УЕФА кубогының иегері: 2012/13, 2014/2015

Әлем суперкубогының жеңімпазы: 2014

Еременко кубогының иегері: 2014, 2016, 2017, 2018

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері: 2018-19

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер