Футзал

Игита: «Каспий кубогы» біз үшін пайдалы болды

Игита: «Каспий кубогы» біз үшін пайдалы болды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының және «Қайрат» футзал клубының қақпашысы Игита құраманың «Каспий кубогы - 2019» халықаралық турниріндегі ойыны жайлы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- Біз үшін турнир өте қызықты өтті. Әлем чемпионатына іріктеу ойындары алдында мықты қарсыластармен кездестік. Үш ойын да өте жоғары деңгейде өтті. Әрине, қателіктер болды. Бірақ біз бар болғаны екі күн ғана жаттығу жасадық. Ең бастысы - біз алаңда көрсеткен рух. Бұл плюс, өте үлкен плюс. Сондықтан мен Каспий кубогы біз үшін пайдалы болды деп есептеймін.

Айта кетейік, Игита турнирдің үздік қақпашысы атанды. Ал Қазақстан құрамасы үшінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер