Футболшылардың төбелесуі себебінен сегіз адам алаңнан қуылды
Гуатемала чемпионатында «Шелаху» мен «Мунисипаль» арасындағы матчта жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Prosports.kz publinews.gt сайтына сілтеме жасап.
Төбелес екі ойыншының сөзге келіп қалуынан басталған. Осыдан кейін алаңдағы барлық футболшы жаппай жанжалға араласты.
Нәтижесінде ойынның бас төрешісі «Мунисипальдің» екі, «Шелахудың» төрт ойыншысын, сондай-ақ екі команданың бапкерлерін алаңнан қуды.
Матчта «Мунисипаль» командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или