Хирн: Геннадидің денсаулығы жақсы, бәрі тап-таза

Хирн: Геннадидің денсаулығы жақсы, бәрі тап-таза

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) денсаулығы туралы Twitter желісіндегі парақшасына жария етті, деп жазады Prosports.kz.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшының ауырып тұрғанын айтқан болатын.

Кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатына қатыса алмаған  Головкин мен Деревянченко (13-2, 10 КО) бірден ауруханаға жеткізілді.

«Головкинмен қазір ғана бірге ауруханадан шықтық. Оның денсаулығы жаман емес», деп жазды Эдди парақшасына.

Еске сала кетелік, кеше, 6 қазан күні қазақстандық Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко IBF және IBO  тұжырымдарының чемпиондық белбеулері үшін жұдырықтасқан болатын Төрешілер бірауыздан Головкинді жеңімпаз деп таныды.

Айта кетелік, жекпе-жек 12 раундқа созылды. Украиналық алғашқы раунда нокдаунға түсіп, қабағы жарылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или