Сигурьонссон «Астананың» үздік сұрмергендер тізіміне енді
Сербиялық «Партизан» қақпасына соғылған жалғыз голды «Астана» жартылай қорғаушысы Рунар Мар Сигурьонссон өз еншісіне жазды.
Исландиялық ойыншы осы голдың арқасында «Астана» сапында Еурокубоктерде соққан голдар санын бесеуге жеткізді. Рунар осы маусымда сербиялық командадан бөлек, «Санта-Колома», «Валетта» (екі рет) және БАТЭ командаларының қақпасына гол соққан еді.
Сигурьонссон осы көрсеткіштер арқылы команданың еурокубоктердегі үздік сұрмергендердің бестігіне еніп, Роман Муртазаев пен Бауыржан Джолчиевпен бір қатарда тұр.
«Астана» сапында еурокубоктерде Рунардан көп гол соққан төрт ойыншы ғана бар. Олар: Патрик Твумаси (15 гол), Марин Томасов (11), Жуниор Кабананга (6) және Марин Аничич (6).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или