ЕЛ. «Партизан» «Астанаға» шеберлік сабағын өткізді

ЕЛ. «Партизан» «Астанаға» шеберлік сабағын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңі аясында елордалық «Астана» өз алаңында сербиялық «Партизаннан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы турда «Манчестер Юнайтедтен» ұтылған «Астана» өз алаңында «Партизанға» қарсы матчта топтық кезеңдегі алғашқы ұпайларына қол жеткізуге ниетті еді. Алайда, негізгі құрамға Қазақстан чемпиондарының үздік футболшысы Марин Томасов енбей қалды. Хорватиялық футболшы матч бойы қосалқы құрамда отырды. Сондай ақ, жасыл алаңға алғашқы минуттардан шығатын ойыншылар қатарынан Сергей Хижниченко мен Абзал Бейсебековты көрдік.

«Астана Аренадағы» ойын толықтай қонақтардың басымдылығымен өтті десек, шындыққа толық жанасар. Қорғаушыларымыз қарсыластың үздік сұрмергені Умар Садикті тұсап ұстай алмады. Италиялық «Ромаға» тиесілі футболшы екі мәрте «Астананы» жазалады. Матч соңында күтпеген жерден алыстан соққы бағыттаған Ринар Сигурьонссон есепті қысқартқан еді. Әйткенмен, қалған уақытта тым болмаса бір ұпайды еншілейтін мүмкіндік «Астана» футболшыларында болмады.

«Партизан» шебер, тәжірбиелі футболшылардан жасақталған ұжым екен. «Астананы» өз алаңында қарымта шабуылда ойнауға мәжбүр етті. Тіпті, оған да айтарлықтай мүмкіндік берген жоқ. Бірнеше сәтте Роман Григорчук шәкірттерін кешірді. Қақпаға бағытталған соққылар саны бойынша екі есе басымдылыққа ие болды. Ал, «Астана» шабуылда осал екенін «Манчестер Юнайтедке» қарсы матчта-ақ байқаған едік. Бұл ойында да Григорчук жігіттері бірде-бір жүйелі шабуыл ұйымдастыра алмады. Жалғыз гол - Сигурьонссонның жеке шеберлігі.

«Астана» 24 қазан күні қонақта «АЗ Алкмармен» кездеседі.

L тобында «Астана» екі турдан кейін соңғы орында тұр. «Партизан» еншісінде 4 ұпай.

Еуропа лигасы. L тобы. 2-тур

«Астана» - «Партизан» - 1:2 (0:1)

Голдар: Рунар Сигурьонссон 85 - Умар Садик 29, 73

«Астана»: Ненад Эрич (Қ,К), Дмитрий Шомко, Лука Шимунович, Жарко Томашевич, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Юрий Перцух, Рунар Сигурьонссон, Абзал Бейсебеков, Дорин Ротариу, Сергей Хижниченко.

Қосалқы құрам: Александр Мокин (Қ), Евгений Постников, Серікжан Мужиков, Марин Томасов, Дидар Жалмұқан, Рангело Янга, Роман Муртазаев.

«Партизан»: Владимир Стойкович (Қ) (К) - Неманья Милетич, Боян Остоич, Страхиня Павлович, Слободан Урошевич - Сейдуба Сума, Саша Зделар, Бибрас Натхо, Зоран Тошич - Такумо Асано, Умар;

Қосалқы құрам: Неманья Стеванович (Қ) - Игор Вуячич, Райко Брежанчич - Джордже Иванович, Александар Шчекич, Лазар Маркович, Филип Стеванович;

3 қазан. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер