Сергей Деревянченко: Сенбі күні рок-н-ролға дайындала беріңіздер

Сергей Деревянченко: Сенбі күні рок-н-ролға дайындала беріңіздер

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко Геннадий Головкинмен болатын титулды жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

 «Мэдисон Сквер Гарден сынды аңызға айналған аренаға келгеніме қуаныштымын және сенбі күні жұдырықтасу – маған мақтаныш сезімін сыйлайды. Жаттығуым сәтті өтті, өз командаммен үлкен іс тындырдық. Сенбі күні кешке рок-н-ролға дайындалыңыздар», деді Деревянченко түнде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, қазақстандық Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко 6 қазан күні Нью-Йорктің Мэдисон Сквер Гарденінде IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы  әлем чемпионы атағына таласады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или