Әлем футболы

Чемпиондар лигасы: мерсисайдтықтар «Зальцбургті» зорға жеңді

Чемпиондар лигасы: мерсисайдтықтар «Зальцбургті» зорға жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде Юрген Клопп шәкірттері айқын фаворит саналады, деп жазады Prosports.kz.

Басқа командалардың оларға қарсы ерекше мотивациямен шығатыны белгілі. Дәл сондай ойын өткен түнде болды. Аустрияның «Зальцбургін» қабылдаған мерсисайдтықтар 36-минутқа дейін 3:0 есебімен жеңіп тұрған. Мане, Робертсон және Салахтар көзге түскен алғашқы таймда «қонақтардың шаруасы біттіге» саналған. 39-минутта Хван Хи Чхан бір гол соғып, үміт отын тұтатып кеп жіберді.

Екінші таймның бас жағында айналасы төрт минут ішінде Минамино мен Холанд есепті теңестіріп кетті. Қызық содан кейін басталды. Тоғыз минут өткенде Салах дубль авторыатанды. Ливерпульдіктердің абыройына орай, матч 4:3 есебімен аяқталды.

ЕЧЛ. Е тобы

«Ливерпуль» - «Зальцбург» - 4:3

Гол соққандар: 9 Мане, 25 Робертсон, 36, 69 Салах – 39 Хван Хи Чхан, 56 Минамино, 60 Холанд

Ескерту алған: 87 Фабиньо (Л)

3 қазан. Ливерпуль.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер