Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды

Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 3 қараша күні Сергей Ковалев – Сауль Альварес жекпе-жегінің<span> </span>андеркардында өнер көрсетеді, деп жазады<span> </span>Prosports.kz . 

Жерлесіміздің осы кештегі қарсыласы анықталды. Нұрсұлтанов 3 қараша күні Лас-Вегаста мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасады.  

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, 10 раундтық жекпе-жекте WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы титулы сарапқа салынады.

25 жастағы Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізген. Оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Ал қарсыласы Оливас 21 жекпе-жек өткізіп, бес мәрте жеңілген. 13 рет нокаутпен жеңіске жеткен. Сонымен қатар, биыл сәуір айында Лос-Анджелесте Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңілген. 

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Челябинск қаласында өткен бокс кешінде ресейлік боксшы Артур Осиповты<span> </span>жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или