«Астана» - «Партизан» ойынының билеттері сатылымға шықты

«Астана» - «Партизан» ойынының билеттері сатылымға шықты
news-banner7
mobile-news-top

3-қазан күні «Астана Арена» стадионында өтетін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің екінші туры аясындағы «Астана» - «Партизан» матчына билеттердің онлайн сатылымы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz, елодалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Билет құны стадиондағы секторларға байланысты бірнеше санатқа бөлінген.

Сонымен, 1-ші санаттағы билет құны ­­– 12 000 (он екі мың) теңге, 2-ші санаттағы билет – 7 000 (жеті мың) теңге, 3-ші санаттағы билет – 4 000 (төрт мың) теңге, 4-ші санаттағы билет – 3 000 (үш мың) теңге, 5-ші санаттағы билет – 2 000 (екі мың) теңге және 6-шы санаттағы билет – 1 500 (бір мың бес жүз) теңге аралығында.

Ойын билеттерін «Астана» футбол клубының ресми сайты fcastana.kz, ticketon.kz сайтынан, сондай-ақ елордамыздағы ең ірі сауда орталықтарында орналасқан «Астана билеттері» дүңгіршектерінен сатып алуға болады. Одан бөлек, ойынға үш күн қалғанда «Астана Арена» стадионының кассалары ашылады.

Айта кетейік, аталмыш ойынға «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы құрылымына енетін спорт мектептеріндегі, академиялары мен орталықтарындағы 1500-ге жуық тәрбиеленушіге билет тегін беріледі.

Бұдан бөлек, 6 жасқа дейінгі балалар матчқа тегін кіреді, бірақ оларға арнайы орын қарастырылмайды. Арбамен келетін жанкүйерлер NW және NE арнайы жабдықталған секторларында ойынды тегін тамашалай алады.

Еске сала кетейік, ticketon.kz сайтында «Астана» клубының Еуропа Лигасы аясында «Партизан», «АЗ Алкмаар» және «Манчестер Юнайтедке» қарсы өз алаңында өткізетін ойындарына абонементтер сатылымы жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 5 000-ға жуық абонемент сатылды.

Сонымен қатар, Еуропа Лигасы ойындарының билеттері «Астана» футбол клубының ҚПЛ аясындағы ойындары кезінде және де «Астана» Президенттік клубы мен «Астана» футбол клубының Instagram парақшаларында ойнатылады.

Еуропа Лигасы аясындағы ойындарға билет құнын «Астана» футбол клубы УЕФА регламентін ескере отырып, сондай-ақ клубтың қаржылық мүдессіне қарай бекітеді.

Еуропа Лигасы матчтарына бір адамға бес билеттен артық сатылмайды. Мұндай шектеу алыпсатарлардың бағаны шарықтатып билетті қайта сатпауы үшін қойылған.

АНЫҚТАМА:

«Астана» Футбол клубы 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрылымына кіреді. Сондай-ақ, ПКСК құрылымыда «Astana Pro Team» велокомандасы, «Барыс» ХК және «Астана» БК бар. Мультиклубтың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, елдегі кәсіби спортты дамыту және Қазақстанның әлем алдындағы имиджін нығайту. «Астана» ПКСК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ.

Айта кетейік, «Астана» – УЕФА еурокубоктарының топтық кезеңіне бес мәрте шыққан Қазақстандағы бірден-бір клуб.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер