Бокс

Қанат Ислам көпбалалы анаға баспана сыйлады

Қанат Ислам көпбалалы анаға баспана сыйлады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам көпбалалы анаға Нұр-Сұлтан қаласында пәтер кілтін табыстады.

Гүлшат Баяділова – 8 баланың анасы, "Күміс алқа" иегері. Балалары колледж және мектеп оқушылары. Екінші баласы науқас, қаржының тапшылығынан медициналық көмек уақытылы көрсетілмегендіктен, нақты диагнозы анықталмаған.

"Ел-Несібе" Қайырымдылық қоры" қоғамдық қоры баспананың зардабын тартып келген отбасының жағдайын естігенде көмек қолын созатын адамды іздестірген. Қанат Ислам 5 шілдеде Алматыда өткен бокс кешінен жиналған қаржының бір бөлігіне көпбалалы отбасыға баспана алып беруді ұйғарған.

Осылайша жомарт пейілді боксшымыз Нұр-Сұлтан қаласының оң жағалауында Сарыарқа ауданында орналасқан пәтердің кілтін көпбалалы анаға тапсырды. Пәтердің іші тұрмысқа қажетті барлық техникалармен, төсек-орынмен толық жабдықталған.

Былғары қолғап шебері кәсіпқой рингте 26 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Оның 21-н уақытынан бұрын аяқтаған. 5 шілде күні Алматы қаласында өткен бокс кешінде Қанат Ислам доминикандық Хулио де Хесусты 14 секундта ұтып, орта салмақта WBO Inter-Continental чемпиондық атағын жеңіп алған еді.

Келесі жекпе-жегін 26 қазан күні Алматыда өткізеді. Отандасымыз қарсыласы намибиялық боксшы Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) болмақ. Уолтер Каутондоква – 34 жаста. 2018 жылы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) қолғап түйістірген. 119-105, 120-104, 120-104 есебімен америкалық боксшыға есе жіберіп, алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татқан. Осы жылдың мамыр айында малавилік боксшы Симон Тшетаны нокаутпен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер