Григорчук: Бізге қарсы «МЮ» ең мықты құрамымен ойнағанын қалар едім

Григорчук: Бізге қарсы «МЮ» ең мықты құрамымен ойнағанын қалар едім
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «Манчестер Юнайтед» - «Астана» арасындағы кездесу алдында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

— Бұл кездесудің тарихи оқиға екендігі осыған дейін өте көп айтылды. Мен де ол пікірмен толықтай келісемін. Және ол туралы тағы да қайталап айта бергім келмейді. Біз ондай пікірлерден өзімізді алшақ ұстауға тиіпіз. Бұл ойын өмір мен өлім арасындағы кездесу емес. Барынша сабырлық таныту қажет. Біз жағдайды барынша қалыпта ұстап, бірінші орынға ақылды қоюға тиіспіз.

— Дәл қазір Сіздің командаңыз үшін «Юнайтедке» қарсы ойнайтын оңтайлы уақыт осы дей аласыз ба?

— Жеребе осылай түсті. Ойын кестесі қазіргідей түзілді. Бізде таңдау болған жоқ. Егер бізде таңдау болған жағдайда, мен алғашқы ойынның Нұр-Сұлтанда өтіп, жауапты кездесуді осында өткізгенді қалаған болар едім. Барымен базар. Біз барлығын сабырмен қабылдаймыз.

— Ертең Сіздің командаңызға қарсы 17 жастағы Мэйсон алаңға шығады. Ол футболшы туралы қандай пікірдесіз?

— Егер менде жеке таңдау болса, бізге қарсы «Манчестер Юнайтед» ең мықты құрамымен ойнағанын қалар едім. Жас ойыншылар үшін бұл ойын өте маңызды болары анық. Бұл оларға берілген мүмкіндік. Олар өте мықты, әрі жылдам. Бұл артықшылық жоғары нәтижеге жетіп, заманауи футбол ойнауға мүмкіндік береді.

— «Манчестер Юнайтед» командасының осы маусымға дайындығы туралы қандай пікірдесіз?

— Менің ойымша, команда осы жылы күшейді. Құрамына мықты орындаушыларды жинақтады. Барлық футболшылар өте жылдам, әрі өз ісінің нағыз шеберлері. Олардың басты артықшылықтары жылдамдықтары мен ойларының ұшқырлығында.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер