Бекзат Нұрдәулетов түрік боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті

<span>Бокстан Екатеринбургте өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалдық жекпе-жегінде қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов жеңіске жетті. </span>
<span>81 келіде жұдырықтасатын Бекзат өте тартысты кездесуде түркиялық Байрам Малканды жеңді. Төрешілер 4:0 есебімен жеңісті Нұрдәулетовке берсе, бір төреші тең есеп тіркеген. </span>
<span>Осылайша, әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отырған Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатының жартылай финалына өтті. </span>
<span>Жартылай финалда ол Олимпиада чемпионы, кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен жұдырықтасады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или