Бокс

Ресейде тағы бір боксшы өмірден озды

Ресейде тағы бір боксшы өмірден озды
news-banner7
mobile-news-top

28 жастағы ресейлік боксшы Андрей Молоканов жаттығу кезінде қайтыс болды, деп жазады Prosports.kz Sport.ua сайтына сілтеме жасап.

Жаттығып жүрген Молоканов өзін жайсыз сезінген, одан кейін есінен танып құлаған. Спортшының бапкері алғашқы дәрігерлік көмек жасауға ұмтылып, жедел жәрдем көлігін де шақырған, алайда оқиға орына келген дәрігерлер боксшыны ажалдан алып қала алмады.

Қазір болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі болуы мүмкін деген ақпар бар.

Молоканов бокстан спорт шебері болған.

Еске сала кетелік, шілде айында шаршы алаңда қатты соққыдан жарақат алған 28 жастағы тағы бір ресейлік боксшы Максим Дадашев өмірден озған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер