«Астана» - «Манчестер Юнайтед»: Ең қымбат билеттің бағасы 55 мың теңге

«Астана» - «Манчестер Юнайтед»: Ең қымбат билеттің бағасы 55 мың теңге
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астана» сербиялық «Партизан», голландиялық АЗ және англиялық «Манчестер Юнайтед» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, топтық кезең аясында өтетін үш матчты екі санатқа бөлу туралы шешім қабылданған. Атап айтқанда, «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойын бірінші санатқа жатады. Бұл ойынның билет бағасы 4 мыңнан 55 мың теңгеге дейін болады.

Ал АЗ және «Партизан» командаларымен өтетін ойындар екінші санатты ойындар саналады. Бұл кездесулердің билет бағасы 1500 теңгеден 12000 теңгеге аралығында болады.

Билеттердің сатылымы ойын басталтын күнге жақындағанда басталады.

«Манчестер Юнайтедке» қарсы ойын:

1-ші категориядағы орындардың билет бағасы - 55 000 (елу бес мың) теңге;
2-ші категориядағы билеттер - 40 000 (қырық мың) теңге;
3-ші категориядағы билеттер - 25 000 (жиырма бес мың) теңге;
4-ші категориядағы билеттер - 16000 (он алты мың) теңге;
5-ші категориядағы билеттер - 11,000 (он бір мың) теңге;
6-ші категориядағы билеттер - 4000 (төрт мың) теңге;

АЗ және «Партизанға» қарсы ойындар:

1-ші категориядағы билеттер - 12000 (он екі мың) теңге;
2-ші категориядағы билеттер - 7000 (жеті мың) теңге;
3-ші категориядағы билеттер - 4 000 (төрт мың) теңге;
4-ші категориядағы билеттер - 3000 (үш мың) теңге;
5-ші категориядағы билеттер - 2 000 (екі мың) теңге;
6-ші категориядағы билеттер - 1500 (бір мың бес жүз) теңге;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер