Әлем футболы

Криштиану Роналду 150 түрлі командаға гол соққан

Криштиану Роналду 150 түрлі командаға гол соққан
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Литваға қарсы матчта покер авторы атанған Криштиану Роналду өзінің рекордын жаңартты.

34 жастағы ойыншы ұлттық құрама және клуб деңгейінде осымен 150 команданың қақпасынан саңылау тапқан.

Португалия құрамасының шабуылшысы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінде 25 гол соққан. Бұл көрсеткіш бойынша Роналду 23 гол соққан ирландиялық Робби Киннан асып түсті.

Айта кетейік, Португалия сырт алаңда Литваның қақпасына бес гол соғып, жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер