Ресейге бүгін қауқарымыз жете ме?

Ресейге бүгін қауқарымыз жете ме?
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа 2020 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қонақта Ресей командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен қыркүйектің 9-ынан 10-ына қараған түні сағат 00:45-те өтеді, QazSport арнасы тікелей трансляцияны көрсетеді.

ЕУРО-2020 іріктеу турнирінің алғашқы ойынын Шотландия құрамасына қарсы өткізді. Қарсыластарын Астанада 3:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Бірақ бұл қуаныш үш күнге ғана созылды, 24 наурыз күні Қазақстан мен Ресей арасындағы матчта соғылған төрт голды да қарсыластар соқты. Бұл кездесу қос құрама өткізген алғашқы ресми матч боп тіркелді.

Бүгінгі қарсылас - қандай қарсылас?

Ресей құрамасы тоқсаныншы жылдардан бері олар 1994, 2002, 2014, 2018 жылдардағы әлем чемпионатына қатысты. Былтыр өз жерінде өткен әлем чемпионатында ресейлік футболшылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ширек финалға дейін сүрінбей өтті.

Сондай-ақ, 1996, 2004, 2008, 2012, 2016 жылдарда Еуропа чемпионатында бақ сынады. 2008 жылы аталмыш додада қола жүлдегер атанды. ФИФА рейтингінде биылғы маусым айындағы нәтиже бойынша 46 орында тұр.

Қазақстан құрамасы болса, ФИФА рейтингісінде 112-ші орында тұр. Әзірге әлем және құрлықтық чемпионаттардың финалдық турнирлеріне қатыспаған.

Құрама бапкері не дейді?

- Ресей құрамасының Шотландиядағы ойынын көрдік, ресейліктер алаңның ортасында доптан айырылса да, қайта тартып алатынын байқадық. Асығыстық жасап, қателік жібермеуге тырысамыз. Бірақ қорғаныста ғана жатпай, реті келгенде шабуылға шығып, ұтымды сәтті пайдалануға талпыныс жасаймыз, – дейді Қазақстан құрамасының бас бапкері Билек.

2019 жылдың 19 қарашасында ең соңғы ойын болады: қазақстандық футболшылар тағы да Шотландия командасына қарсы шығады, бірақ бұл жолы олардың алаңында ойнайды.

Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу кезеңінің I тобы:

  • 21.03.2019. Қазақстан — Шотландия 3:0
  • 24.03.2019. Қазақстан — Ресей 0:4
  • 08.06.2019. Бельгия — Қазақстан 3:0
  • 11.06.2019. Қазақстан — Сан-Марино
  • 06.09.2019. Кипр — Қазақстан 1:1
  • 09.09.2019. Ресей — Қазақстан
  • 10.10.2019. Қазақстан — Кипр
  • 13.10.2019. Қазақстан — Бельгия
  • 16.11.2019. Сан-Марино — Қазақстан
  • 19.11.2019. Шотландия — Қазақстан
Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер