Ресейге шамамыз жетпеді

Ресейге шамамыз жетпеді
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы матчта төрт бірдей гол соғылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Астана-Арена» стадионында өткен ойынды тамашалау үшін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Ал алғашқы матчта Шотландияның қақпасына жауапсыз үш гол соққан Михал Билек бұл ойынға өзгерген құрамды шығарды. Темірлан Ерланов, Евгений Постников пен Ян Вороговскийдің орнына Абзал Бейсебеков, Елдос Ахметов пен Юрий Логвиненко шықты. Орта шеп пен шабуыл шебінде өзгерістер болған жоқ.

Ысқырық шалынысымен қонақтар шабуылдап, қақпадан саңылау табуға тырысты. Ойынның 19-ші минутында қонақтар сапынан Денис Черышев мергендік танытып, құрамасын есепте алға шығарған болатын. Ал бірінші таймның соңында екінші голын соғып, дубль авторы атанды.

52-ші минутта Артем Дзюба қорғаныстағы өрескел қателікті сәтті пайдаланып кетті. Ал арада он минут өткенде Оздоевтың соққысынан кейін Абзал Бейсебеков өз қақпасына соғып алды. Есеп - 4:0.

Осылайша, алғашқы матчта Бельгияға есе жіберген Ресей құрамасы І екінші орынға көтерілді.

ЕУРО-2020. Іріктеу кезеңі. І тобы

Қазақстан - Ресей 0:4 (0:2)

Голдар: 0:1 — Черышев (19, Ионов), 0:2 — Черышев (45+2, Дзюба), 0:3 — Дзюба (52, Черышев), 0:4 — Бейсебеков (62, өз қақпасына)

Қазақстан: Дмитрий Непогодов (Қ) - Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков - Исламбек Қуат (К), Александр Меркель, Юрий Перцух - Бактиёр Зайнутдинов, Роман Муртазаев;

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Игорь Шацкий (Қ) - Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Ян Вороговский, Нұралы Əліп - Серікжан Мужиков, Георгий Жуков, Максим Федин - Еркебұлан Сейдахмет, Оралхан Өмиртаев, Бауыржан Тұрысбек, Алексей Щеткин.

Ресей: Маринато Гилерме (Қ) - Марио Фернандес, Андрей Семенов, Георгий Джикия, Федор Кудряшов - Ильзат Ахметов, Юрий Газинский, Магомед Оздоев, Денис Черышев, Алексей Ионов - Артем Дзюба (К);

Қосалқы құрам: Андрей Лунев (Қ), Антон Шунин (Қ) - Кирилл Набабкин, Максим Беляев, Юрий Жирков - Владислав Игнатьев, Антон Миранчук, Дмитрий Баринов, Алексей Миранчук, Георгий Щенников - Федор Смолов, Федор Чалов.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер