ММА

Хабиб - жеңіл салмақтың патшасы

Хабиб - жеңіл салмақтың патшасы
news-banner7
mobile-news-top

Абу-Даби өткен аралас жекпе-жек кешінде Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье кездесті.

Хабиб бұған дейін өткізген 27 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Ал Луизиана штатындағы Лафайетт қаласынан шыққан 30 жастағы Порьенің мансабы мұндай мінсіз емес. Жеңілістер бар. Бірақ бұған қарап оны әлсіз файтер деуге келмейді. Оның теке-тіресте мықты екені сөзсіз.

Аралас жекпе-жегінің басты кездесуінде 25 мың көрермен грэпплинг пен күрестің текетіресін тамашалады. Дегенмен ресейлік спортшы қарсыласын бірінші раундта-ақ қылқындыруға тырысты. Екінші раундта Хабиб Нурмагомедов бірнеше жойқын соққы жібергенімен аяғында тік тұра алды. Шабуылда қарқынды болған Дастин Порьенің бұдан артыққа күші жетпейтіні көрінді. Ол үшінші раундқа болдырып шықты. Мұндай сәтті ресейлік спортшы оңай жібермесі анық еді. Хабиб қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер